1988 жылдан бері вакцинацияның арқасында бүкіл әлемде жабайы полиомиелитке шалдыққандардың саны 99%-ға төмендеді. Естеріңізге сала кетейік, полиомиелит – полиовирус тудыратын ауру және толық қайтымсыз паралич пен өлімге әкелуі мүмкін.
Қазіргі жағдай қандай?
*Күні кеше Украинада бір жарым жастағы нәрестеде полиомиелит ауруы тіркелді. Оған әке-шешесінің шешімі бойынша әдейі екпе салынбаған. Балада жедел сал ауруы бар, төменгі аяқ-қолдары жұмыс істемейді, яғни аурудан кейін ол сал болады және бұл қайтымсыз жағдай.
*Жақында Тәжікстанда полиомиелит індеті орын алды. Вакцинациямен қамтудың төмендеуіне байланысты бұл ауру ошақтары Ауғаныстанда да тіркелуде.
Полиомиелитке қарсы вакциналардың қандай болатыны және оны балаларға қашан жасау керек екендігі туралы толығырақ EGU.kz сайтынан оқыңыз.
Сайт USAID Central Asia USAID Central Asia USAID Central Asia
U.S. Embassy in Kazakhstan / Қазақстандағы АҚШ Елшілігі U.S. U.S. Embassy in Kazakhstan / Посольство США в Казахстане
U.S. Consulate Almaty қолдауымен жасалған U.S. Consulate Almaty