ШЖҚ «Қалалық емхана №8» МКК
ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “№8 қалалық емхана” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Шымкент қаласының Еңбекшіқазақ және Әл-Фараби аудандарының 38000 астам тұрғындарының денсаулығын қорғау қызметін атқарып келеді.
Емханада 18 сала мамандықтары бойынша дәрігерлер 2 отбасылық медицина бөлімшесінде, күндізгі стационарда, отбасын жоспарлау кабинетінде, профилактика және әлеуметтік көмек бөлімшесінде, дені сау балалар кабинетінде медициналық көмек көрсетеді.
Қосымша қызметтер: клиникалық-диагностикалық зертхана, рентгенология бөлімшесі, ЭЭГ, УДЗ кабинеттері, физиотерапия, ЕШК, массаж кабинеттері бар. “Диабет мектебі”, “Артериялық гипертензия”, “Бронх демікпесі”, “Жүректің ишемиялық сырқаты”, “Босануға дайындау мектебі” жұмыс істейді.
Тұрғындарды профилактикалық тексеру жүргізу барысында қаралған науқастар арасында сырқаттарды анықтау, диспансерлік есепке алу көрсеткіштері, сонымен қатар ересектер тұрғындармен бірге балалар арасында анықталған ауруларды емдеу көрсеткіштері 100% орындалды.
Емхананың қызметі Ұлттық салауатты өмір салты орталығымен тығыз байланысты. 2011 жылдан бері емханада 3 әлеуметтік қызметкер және 3 психолог маман тұрғындарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіп келеді. Емханада 2017 жылдан бастап барлық медициналық қызмет түрлері қамтылған ақылы медициналық қызмет көрсету бөлімше жұмыс істейді. Әр айдың нәтижесі бойынша бөлімше бір миллион теңге көлемінде табыс келтіреді.
Байланыстар
ШЖҚ «Қалалық емхана №8» МККМекен-жайы:
РК, г. Шымкент, ул.Байтурсынова, 2