about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

МӘМС жарналары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады, тек жарналардың мөлшері ғана өзгереді

Достар, жыл сайын МӘМС жарналарының мөлшері өзгеріп…

22, Желтоқсан 2022

Достар, жыл сайын МӘМС жарналарының мөлшері өзгеріп отырады. 2023 жылы жарналар мөлшері басқаша есептелетін болады.

🙌 Біз сіздер үшін төлеушілердің әр санаты бойынша ақпаратты алдын-ала дайындадық, сондықтан өзіңіз есептеудің қажеті жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жарналарының мөлшері жыл сайын өзгеріп отыратын АЕК және ЕТЖ мөлшеріне тікелей байланысты. Бұл ретте МӘМС жарналары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады, себебі олар «МӘМС туралы» Заңмен бекітілген.

☝🏽 Мысалы, дербес төлеуші бойынша жарналар мөлшерлемесі 1 ЕТЖ-нің 5% – на тең (ең төменгі жалақы мөлшері). Және бұл мөлшерлеме ешқашан өзгермейді. Бірақ соңғы сомаға әсер ететін ЕТЖ мөлшері өзгеретін болады.

✅ Биыл ЕТЖ мөлшері 60 мың теңгені құрады. Демек, МӘМС жарнасының мөлшері 3 000 теңге деп есептелінді.

✅ 2023 жылғы 1 қаңтарда ЕТЖ 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Демек, МӘМС жарнасының мөлшері 3 500 теңгені құрайды.

Осылайша, МӘМС-ға жарна төлеушілердің әр санаты бойынша есептелінеді.

Байланыстар

ШЖҚ «Қалалық емхана №8» МКК

Мекен-жайы:

РК, г. Шымкент, ул.Байтурсынова, 2

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 54-04-10
Справочная